Италиядағы дағдарыс жағдай
(last modified Fri, 13 Mar 2020 10:16:09 GMT )
Нау 13, 2020 16:16 Asia/Almaty

Италия үкіметі бейсенбі күні кешке бұл елде коронавирустың салдарынан қаза тапқандардың санының 1016 адамға жеткенін хабарлады. Италия үкіметі сондай-ақ тек өткен 24 сағаттың ішінде бұл елде коронавирус жұқтырған 2651 адамның тіркелгенін хабарлап, осы кезге дейін Италияда 15113 адамның бұл ауруға шалдыққанын жариялады. Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте бұл елдегі коронавирусқа шалдыққан адам санының артуына байланысты 60 млн жамағаты бар бүкіл елді карантинге жабу шешім қабылдады.