Пентагон «әт-Таджиде» жараланғандар жағдайының ауырлығын мойындады
(last modified Sun, 15 Mar 2020 13:31:26 GMT )
Нау 15, 2020 19:31 Asia/Almaty
  • Пентагон «әт-Таджиде» жараланғандар жағдайының ауырлығын мойындады

АҚШ Қорғаныс министрі бұл елдің Ирактағы «әт-Таджи» әскери базасындағы жаралы екі сарбаздың жағдайының ауыр екенін мойындады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрі жексенбі күні бір мәлімдемеде: «Бағдадтың солтүстігіндегі шетелдік әскерилер орналасқан «әт-Таджи» базасына шабуылда үш америкалық сарбаз жараланған, олардың екеуінің жағдайы ауыр»,-деп мәлімдеді.

Пентагон бұл екі сарбаздың қазір Бағдад ауруханасында жатқанын айтты.

Сенбі күні Ирактың «әт-Таджи» базасындағы америкалық сарбаздар орналасқан жерге 25 зымыранмен шабуыл жасалды.

Өткен сәрсенбі күні «әт-Таджи» базасына жасалған шабуылда АҚШ-тың бір сарбазы мен мердігері және бір британ сарбазы қаза тапты.