Жозепп Боррелл Иран мен Венесуэлаға коронавируспен күресу үшін қаржылай көмектесуді қолдады
(last modified Tue, 24 Mar 2020 09:29:48 GMT )
Нау 24, 2020 15:29 Asia/Almaty
  • Жозепп Боррелл Иран мен  Венесуэлаға коронавируспен күресу үшін қаржылай көмектесуді қолдады

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы бұл одақтың Иран мен Венесуэланың Халықаралық валюта қорынан сұраған қаржы көмегін қолдағанын хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Жозепп Боррелл дүйсенбі күні онлайн режимде өткен баспасөз отырысында АҚШ санкция енгізіп отырған жағдайда Иран мен Венесуэлаға дәрі-дәрмек көмегінің қажеттілігін қуаттады. Боррелл алдағы апталарда Иран мен Венесуэлаға 200 млн. долларға қажет тауарлар жіберу уәдесін берді. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы АҚШ-тың санкцияларынан Иран мен Венесуэланың қиын жағдаймен бетпе-бет келулеріне тоқталып, сауда қатынас пен азық және дәрі-дәрмек гуманитарлық көмегін жіберуді маңызды деп тапты.