Сәу 23, 2020 15:48 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей мен Түркия СІМ Сирия дағдарысын шешу үшін кеңестерді жалғастыру қажеттігін қуаттады

Иран, Ресей мен Түркияның Сыртқы істер министрлері Сирия дағдарысын шешудің ең әсерлі жолы «Астана үдерісіне» кепіл үш ел арасында ең жоғары деңгейде кеңестер мен үйлестіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін қуаттады.

«Астана үдерісіне» кепіл үш ел – Иран, Ресей мен Түркия Сыртқы істер министрлерінің отырысы сәрсенбі күні бейнеконференция форматында өтті.

Аймақ пен Сириядағы оқиғалар төңірегінде кеңесу мақсатында өткен отырыста Мұхаммад Джавад Зариф, Мевлют Чавушоғлы  мен Сергей Лавров соңғы өзгерістер, соның ішінде Идлибтің жағдайы, Конституциялық комитет, коронавирустың таралуына байланысты біржақты санкцияларды жою, гуманитарлық жағдай мен босқындарды қайтару жөнінде пікір алмасты.

 

     

Тегтер