Пентагон Батыс Азияда қолдану үшін қару-жарақ келісіміне қол қояды
Сәу 30, 2020 15:57 Asia/Almaty
Пентагон АҚШ-тың қару шығаратын компанияларымен құны шамамен 400 млн доллар тұратын келісімге қол қояды. Келісімге сәйкес Ауғанстан, Ирак, Ливан мен басқа бірнеше елде қолданылатын M4A16 пулеметтер жасалады.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі: «Оңтүстік Каролина штатындағы FN America және Кентуккидегі Colt’s Manufacturing атты екі жеке әрі жеңіл қару-жарақ компаниясы Пентагонмен құны 383 млн доллар тұратын келісімге қол қою үшін бәсекелеседі»,-деп мәлімдеді.
Тегтер