ХАМАС Италия парламентінің сионистік режимнің шапқыншылығына қарсылығына ризашылық білдірді
ХАМАС ұйымының баспасөз хатшысы Хазем Қасем сенбі күні Италия парламентінің 70 өкілінің сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасына қарсы болғанына ризашылық білдірді.
Al-Youm ақпарат арнасы сайтының мәліметінше, Хазем Қасем: «Палестина жерлеріндегі сионистік режимнің билікқұмар саясаттарына қарсылықтың артуы Тель-Авив режимі мен Израильді қолдайтын АҚШ үкіметінің оқшаулануының белгісі»,- деді. Италия парламентінің өкілдері елдің премьер-министріне жіберген жолдауында Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасын айыптады.
Бұдан бұрын да кейбір еуропалық мемлекеттер Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын аннекиялайтын болса, Тель-Авивпен қарым-қатынастарын өзгерту туралы қоқан-лоққы жасады. АҚШ Президенті Дональд Трамп 28 қаңтарда «Ғасыр мәмілесі» деген қастандық жобасын жариялады.