БҰҰ-ның нәсілшілдікке қарсы қарарында АҚШ-тың атауы жазылған жоқ
(last modified Sat, 20 Jun 2020 15:49:37 GMT )
Маусым 20, 2020 21:49 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның нәсілшілдікке қарсы қарарында АҚШ-тың атауы жазылған жоқ

АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы наразылық жалғасып, америкалық қара нәсілді Джордж Флойдтың полиция қолынан өліміне байланысты халық ызасы басылмаған жағдайда бұл елдің басшылары елдегі нәсілшілдікке қарсы әлемдік әрекеттерге кедергі жасауға талпынуда. Сөйтіп БҰҰ Адам құқығы ұйымының нәсілшілдікке қарсы қарары АҚШ-тың атауынсыз бекітілді.

БҰҰ Адам құқығы кеңесі нәсілшілдікке қарсы қарардың жобасына өзгеріс енгізген соң, АҚШ-ты атамай, ұйымдастырылған нәсілшілдік пен полицияның зорлық-зомбылығын айыптады.

АҚШ-ты әлемдегі полиция зорлық-зомбылығының орталығы ретінде атаған қарардың жобасы ИИР-ның қолдауымен африкалық елдер тарапынан ұсынылған. Жобада АҚШ пен басқа елдердегі ұйымдастырылған нәсілшілдікті зерттеу талап етілді. Қарар АҚШ-та наразылық шамамен 40 жыл бойы жалғасып келе жатқан жағдайда бекітілді. Наразылық шаралары 25 мамырда АҚШ полициясы Миннеасотта қаласында қара нәсілді азамат Джордж Флойдты өлтірген соң басталды.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет америкалық қара нәсілді Джордж Флойдты полиция өлтіргенін нәсілшілдік тәртіптің белгісі деп атап: «Қазіргі кездегі зорлық-зомбылықтардың артынан нәсілшілдік жүйе мен кемсітушілік саясаттар және құлдық пен отаршыл дәуірдің мұраларына қарсы тұрудың сәтсіздігін көруге болады»,- деді. Жобадан АҚШ атауын алып тастау нәсілшілдікке қарсы күрестің қолдаушыларының көбінің ызасына себеп болды. Өйткені тарихтың барлық кезеңінде АҚШ-та зорлық-зомбылық жасалып келді. Дональд Трамп билігі кезінде бұл мәселе бұрынғыдан көбірек байқалды.   Трамп сөзінің көбінде тікелей немесе жанама түрде ақ нәсілділерді артық санап, тіпті Джордж Флойдтың өліміне наразылық білдірушілерді бүлікшілер деп атап, олармен қарсыласуға шақырды.   

Хьюстон университетінің Америка және Африка тарихын зерттеу орталығының профессоры Джеральд Хорн АҚШ полициясы мен қауіпсіздік күштерінің түрлі нәсілділерге қарсы қылмыстарына тоқталып: «Бұл мәселенің тамырын құлдық дәуірінен іздеу керек. Қара нәсілділер Америкаға өз еркімен келген жоқ. Оларды ақ нәсілділер құл ретінде әкелді. Біз ащы оқиғаға куәміз»,- деді.

Нәсілшілдікке қарсы қарар АҚШ-тың өзгеріс енгізу талпыныстарына қарамастан бекітілді. Бірақ оған АҚШ-тың атауы жазылған жоқ. Бұл тақырып адам құқығы топтарының ашу-ызасына себеп болды. Олар Вашингтонның бұл ағымға араласуын  сынап: «АҚШ бұл қарардан өз атауын алып тастау үшін араласты»,- деді.