Азық-түлік тиеген ирандық кеме Венесуэла суларына жетті
(last modified Mon, 22 Jun 2020 13:47:40 GMT )
Маусым 22, 2020 19:47 Asia/Almaty
  • Азық-түлік тиеген ирандық кеме Венесуэла суларына жетті

Азық-түлік тиеген ирандық кеме Венесуэла суларына кіріп, Ла-Гуайра айлағына жақындап қалды.

Венесуэладағы ИИР елшісі Ходжатулла Солтани Твиттердегі жеке парақшасында: «Азық-түлік және COVID-19 індетімен күресуге арналған құрал-жабдық тиеген ирандық кеме Венесуэла суларына жетті»,-деп жазды.

Бұл жүк кемесі Иранның туымен 15 мамырда елдің оңтүстігіндегі Бандар-Аббас айлағынан Венесуэлаға аттанған болатын.

Бұдан бұрын Иран 1,5 млн баррель бензин тиеген 5 танкерді Венесуэлаға аттандырған. Өткен апталарда танкерлер жүктерін осы елге тапсырды.

Иран Венесуэлаға бензин жеткізгеннен кейін Каракас үкіметі оны жаңа жүйе бойынша елдің түкпір‑түкпіріне таратты.