Шіл 06, 2020 17:20 Asia/Almaty

Жүздеген наразылар Лондонның орталығындағы Сауд Арабиясының елшілігінің алдында жиналып, Йемен халқын қолдап, Батыс Азиядағы бұл елдегі саудиялық коалицияның қылмыстары мен қоршауын тоқтатуды талап етті.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, наразылық білдірушілер бұл шерулерде британиялықтар мен басқа елдердің Йемендегі Сауд режимінің қылмыстарын қолдау рөліне тоқталып: «Тоқтатыңдар және Йеменді құтқарыңдар»,- деп ұранданды. Шерушілердің қолдарында  Йемен халқын қолдайтын және саудиялықтардың бұл елдегі қылмыстарына қарсы ұрандар жазылған плакаттар болды. Британиядағы шеру жексенбі күні  оңтүстік Африканың "Daily Maverick" электрондық газеті Британия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сүйеніп, бұл елдің әуе күштерінің саудиялық коалицияға Йеменге шабуыл жасауға көмектескенін әшкерелеген жағдайда өтті.  

 

Тегтер