Шіл 10, 2020 15:35 Asia/Almaty
  • Помпео БҰҰ-ның сардар Солейманиге қарсы террорды айыптаған мәлімдемесіне ызасын білдірді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы БҰҰ Адам құқығы кеңесінің сардар Солейманиге қарсы террорды айыптаған мәлімдемесін тіл тигізу деп тапты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Помпео баспасөз мәлімдемесінде АҚШ-тың сардар Солейманиге қарсы террорын қорғап: «Біз БҰҰ арнайы баяндамашысы Агнес Калламардтың мәлімдемесін қабылдамаймыз, өйткені Калламард ханымның нәтижелері тіл тигізетіндей. Сардар Солейманиге қарсы терор ИИР мен оның қарамағындағы күштердің Батыс Азия аймағындағы АҚШ күштері мен мүдделеріне қарсы өткен айлардағы әскери шабуылдарының артуына жауап болды»,- деді. Помпео сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетті АҚШ-ты қорғау деп атап: «Бұл  шабуыл Иранның АҚШ пен оның мүдделеріне қарсы шабуылдарын тоқтату және Құдс күштерінің мүмкіндіктерін жою үшін жасалды»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер