Қалибаф ислам елдері Парламенттерінің төрағаларын Құрбан айтпен құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ислам елдері Парламенттерінің төрағаларын Құрбан айтпен құттықтады.
Мұхаммад Бағер Қалибаф ислам елдері Парламенттерінің төрағаларына жеке-жеке жолдаған құттықтау хатында: «Қазір коронавирус індеті таралған шақта уәһи түскен қасиетті жерлерде қажылық рәсімдерін орындауға мүмкіндік болмай отыр, сондықтан мемлекет басшыларының басты міндеті ислам үмбетінің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірлік пен тілеулестікті нығайту болып табылады»,-деді.
Қалибаф: «Сионистік режим коронавируспен алысып жатқан әлемнің қазіргі жағдайын теріс мақсатта пайдаланып, Палестиналықтардың Иордан өзенінің батыс жағалауындағы тарихи әрі діни жерлерінің бір бөлігін басып алуға бар күшін салып жатыр. Осы қатерлі кезеңнен өту үшін Палестинаның арман-мақсаттарын қолдауды арттыру қажет»,-деді.