Израиль – араб елдеріне тыңшылық бағдарламаларын сататын делдал
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48027-Израиль_араб_елдеріне_тыңшылық_бағдарламаларын_сататын_делдал
Қалта телефондарына тыңшылық жасайтын бағдарламалар дайындау саласында жұмыс істейтін NSO компаниясы сионистік режиммен әріптесе отырып, Парсы шығанағы маңындағы араб елдеріне «Pegasus» атты тыңшылық бағдарлама сата бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 24, 2020 13:44 Asia/Almaty
  • Израиль – араб елдеріне тыңшылық бағдарламаларын сататын делдал

Қалта телефондарына тыңшылық жасайтын бағдарламалар дайындау саласында жұмыс істейтін NSO компаниясы сионистік режиммен әріптесе отырып, Парсы шығанағы маңындағы араб елдеріне «Pegasus» атты тыңшылық бағдарлама сата бастады.

«Гаарец» газетінің хабарлауынша,  Израильдің ресми басшылары NSO компаниясының Парсы шығанағы маңындағы араб елдерімен отырыстарына қатысқан. Жиналыстардың бір бөлігі Израиль жерінде өткен.

NSO компаниясы осы күнге дейін Парсы шығанағы маңындағы араб елдерінен орасан зор табыс көрді.  

The Guardian газеті осыдан біраз бұрын Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның 2018 жылы Amazon компаниясының негізін қалаушы, «Вашингтон пост» газетінің иесі америкалық миллиардер Джефф Безостың ұялы телефонын бұзуға қатысы болғанын және хакерлік әрекетте «Pegasus» бағдарламасы қолданылғанын хабарлаған болатын.