Там 28, 2020 21:54 Asia/Almaty
  • Помпеоның «Моше механизмі» туралы уәждері – АҚШ-тың жаңа үгіт-насихаттық дауы

АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесте Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларын ұзарта алмауы Вашингтонды өзінің соңғы механизмін қолдануға мәжбүрледі, яғни бұл кеңеске Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуы туралы уәжденіп, Теһранға қарсы санкцияларды автоматты түрде қайтаруды талап етті. Қазіргі кезде Трамп үкіметі бұл салада жаңа және таңғалдыратын уәждер айтты.

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күні Twitter-де: «Өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау талпынысы сәтсіздікке ұшыраған соң, Вашингтон Иранға қарсы БҰҰ-ның бүкіл санкцияларын қайтару үшін 30 күн уақыт белгіледі. Бұл санкциялар 20 қыркүйектен бастап автоматты түрде қайтып оралады»,- деп жазды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы басқа твитінде елінің Иранға қарсы санкцияларды қайтаруы туралы: «Қауіпсіздік кеңестің әр мүшесі санкциялардың күшін жою қарарын ұсынғанымен, АҚШ оларға қарсылық білдіреді. Қарар қабылданбағанымен, 20 қыркүйекте Иранға қарсы санкциялар қайтып оралады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарары осылай амал етеді»,- деп мәлімдеді. Помпео №2231-ші қарарды теріс пайдаланып, Қауіпсіздік кеңес Иранға қарсы халықаралық санкцияларды тоқтату туралы қарар қабылдасада, қабылдамасада Вашингтонның шағымы мен Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуы туралы уәждеріне назар аударып, 20 қыркүйекте автоматты түрде бүкіл санкциялар автоматты түрде қайтып оралады. Помпеоның жазуынша, егер Қауіпсіздік кеңестің мүшелері немесе басшысы Иранға қарсы санкцяларды алып тастау мәселесін көтерсе, АҚШ вето құқығын пайдаланады. Помпеоның бұл саладағы сараптамасы бойынша, 12-ші баптағы «бекітілмеді» деген сөз аталмыш қарар кез келген себеппен бекітілмеседе, санкциялар  қайта оралады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы  қарардың бүкіл мәтінінің 12-ші бабын басқа 11 бабынан бөліп алып, өз талабын қоюға мүмкіндік алды.негізінде 12-ші баптың бірінші жолын оқып, бұл баптың 11 бапты толықтыру үшін және «бекітілмеді» деген сөздің қарардың 11-ші бабында дауысқа салынып, дауыс жинай алмаған жағдайды білдіреді. 11-ші бапта қарардың бекітілу жіне ұсынылу тәсілдері көрсетілді.

Қорыта айтқанда Помпеоның №2231-ші қарардың баптары және Иранға қарсы халықаралық санкцияларды қайтару туралы таңғалдыратын уәждері біріншіден, АҚШ-тың «Моше механизмін» іске қосуға қанағаттандыратын ділеледр ұсынуы және екіншіден, Трамп үкіметінің өз мақсатына жету әрекетін көрсетеді. Негізінде Трамп үкіметі өз талабына жету, яғни 2020 жылдың 18 қазанында іске асырылмақ болған қару-жарақ санкцияларын созу үшінқазіргі кезде әлем мемлекеттеріне санкция енгізу туралы мәлімдеді. Бұл мәселе  Американың үмітсіз түрде мемлекеттердің  Вашингтонның заңсыз талаптарына қарсы тұру талпыныстарының алдын алу  әрекетін көрсетеді.

 

 

 

 

Тегтер