Зариф: АҚШ-тың зорлығына көну Вашингтонның ашкөздігін одан әрі арттырады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48145-Зариф_АҚШ_тың_зорлығына_көну_Вашингтонның_ашкөздігін_одан_әрі_арттырады
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың Халықаралық қылмыстық соттың екі жоғары лауазымды тұлғасына санкция салуын қатаң сынға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 03, 2020 12:44 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың зорлығына көну Вашингтонның ашкөздігін одан әрі арттырады

ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың Халықаралық қылмыстық соттың екі жоғары лауазымды тұлғасына санкция салуын қатаң сынға алды.

«Тасним» ақпарат агентігінің хабарлауынша,  Мұхаммад Джавад Зариф: «АҚШ режимі алдында тізе бүгу бұл зорлықшыл режимнің жеке тұлғалар мен ұйымдарға санкция салуға деген ашкөздігін арттыра түседі»,-деді.

Зариф: «Осы таусылмас бассыздықты тоқтатудың жалғыз жолы – АҚШ-тың талап-тілектеріне мойынұсынуды доғару»,-деді.

АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні: «Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Фату Бенсуда мен осы органның сотаралық әріптестік пен байланыс бөлімінің басшысы Факисо Мочочоко АҚШ-тың санкциясына ұшыраған адамдар тізіміне енгізілді»,-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Осы 2 адамға қолдау көрсететін кез келген жеке және құқықтық тұлға жазаға тартылады»,-деп сес көрсетті.  

Майк Помпео, сондай-ақ: «Халықаралық қылмыстық соттың америкалық күштерге қатысты зерттеулеріне қатысқан адамдарға да визалық шектеулер қойылады»,-деп мәлімдеді.