Зариф: АҚШ-тың зорлығына көну Вашингтонның ашкөздігін одан әрі арттырады
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың Халықаралық қылмыстық соттың екі жоғары лауазымды тұлғасына санкция салуын қатаң сынға алды.
«Тасним» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «АҚШ режимі алдында тізе бүгу бұл зорлықшыл режимнің жеке тұлғалар мен ұйымдарға санкция салуға деген ашкөздігін арттыра түседі»,-деді.
Зариф: «Осы таусылмас бассыздықты тоқтатудың жалғыз жолы – АҚШ-тың талап-тілектеріне мойынұсынуды доғару»,-деді.
АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні: «Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Фату Бенсуда мен осы органның сотаралық әріптестік пен байланыс бөлімінің басшысы Факисо Мочочоко АҚШ-тың санкциясына ұшыраған адамдар тізіміне енгізілді»,-деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Осы 2 адамға қолдау көрсететін кез келген жеке және құқықтық тұлға жазаға тартылады»,-деп сес көрсетті.
Майк Помпео, сондай-ақ: «Халықаралық қылмыстық соттың америкалық күштерге қатысты зерттеулеріне қатысқан адамдарға да визалық шектеулер қойылады»,-деп мәлімдеді.