Еркіндік атын жамылып Құранға қол сұғу – әбестік
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48148-Еркіндік_атын_жамылып_Құранға_қол_сұғу_әбестік
Иранның діни ғылым орталығының директоры еркіндік атын жамылып Құранға қол сұғуды әбестік деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 03, 2020 14:01 Asia/Almaty
  • Еркіндік атын жамылып Құранға қол сұғу – әбестік

Иранның діни ғылым орталығының директоры еркіндік атын жамылып Құранға қол сұғуды әбестік деп атады.

Аятолла Әлиреза Арафи бейсенбі күні Швецияда Құранға құрметсіздік көрсетілуіне реакциясында: «Арагідік Құранға тіл тигізу және Құран кітабын өртеу сияқты жиреніш тудыратын оқиғалар орын алады. Мұндай сорақы жағдай осы жолы азаттықты сүюшілердің сәруары әрі шәһидтердің сардары хазірет имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту күндері орын алып, бүкіл әлемдегі илаһи діндерді ұстанушылар мен ислам үмбетінің ашу-ызасын тудырды»,-деді.

Аятолла Арафи осы бір бейбастақ әрекетті айыптап, әлем халықтарын мұндай асыра сілтеушілікке айқын ұстаным білдіріп, халықаралық ұйымдарды тежегіш заң мен ортақ діни жарлық шығаруға шақырды.