АҚШ полициясы бір қара нәсілдіні тұншықтырып өлтірді
Қыр 04, 2020 12:27 Asia/Almaty
АҚШ полициясы елдегі қара нәсілді азаматтарға қарсы қатігездіктерін жалғастырып, Нью-Йорктың батысында орналасқан Рочестер қаласында бір адамды өлтірді.
Қаза болған адамның жанұясы таратқан видеода көрсетілгендей, бірнеше полиция қызметкері қорғансыз адамның басына бас киім кигізіп, екі минут бойы бетін жерге басып, қысқан. Қара нәсілді азамат 7 күннен кейін ауруханада тыныс алу аппаратын өшіргеннен кейін қайтыс болды.