Иран мен Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинаны бірлесіп өндіруге келісті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48159-Иран_мен_Ресей_covid_19_ға_қарсы_вакцинаны_бірлесіп_өндіруге_келісті
Иранның Ресейдегі елшісі мен осы елдің Тікелей инвестиция салу қорының басшысы COVID-19-ға қарсы вакцина мен дәріні бірлесіп өндіру жобасын орындау қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 04, 2020 13:36 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинаны бірлесіп өндіруге келісті

Иранның Ресейдегі елшісі мен осы елдің Тікелей инвестиция салу қорының басшысы COVID-19-ға қарсы вакцина мен дәріні бірлесіп өндіру жобасын орындау қажеттігін қуаттады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің жұма күні хабарлауынша, Казем Джалали Кирилл Дмитриевпен бейнебайланыс арқылы сұхбаттасып, Ресейді COVID-19-ға қарсы вакцина жасау саласындағы сәттілігімен құттықтады.

Джалали Иранның Пастур институты мен Ресейдің Гамалия ұлттық орталығы арасындағы вакцина мен дәрі өндіруге қатысты жұмыс тобының екі жиналысының нәтижелеріне тоқталып,  Ресейдің Тікелей инвестиция салу қорының әріптестігімен COVID-19-ға қарсы вакцинаны бірлесіп өндіру үдерісінің  тез арада басталатынына үміт білдірді.

Ресейдің Тікелей инвестиция салу қорының басшысы Теһран мен Мәскеудің әсіресе COVID-19-ға қарсы вакцина саласында тығыз әріптестік жасап жатқанына ризалық білдіріп: «Иранмен әріптесе отырып, вакцинаны жаппай өндіру жуырда қордың күн тәртібіне қойылады»,-деді.