Әлемде коронавирустан 8 мыңнан аса медицина қызметкері көз жұмды
France Press ақпарат агентігінің Халықаралық кешірім ұйымына сілтеме жасап хабарлауынша, коронавирустың таралғанына бірнеше ай өтсе де, Мексика, Бразилия мен АҚШ сияқты елдерде медицина қызметкерлерінің індет жұқтырып қайтыс болуы толастамай тұр.
Халықаралық кешірім ұйымының әлеуметтік және экономикалық әділет бөлімінің басшысы Стивен Кокберн: «COVID-19 індетінің Оңтүстік Африка мен Үндістанда жылдам таралуы барлық елдерде шұғыл шара қолдану қажеттігін көрсетеді»,-деп қуаттады.
Халықаралық кешірім ұйымының хабарлауынша, Мексикада 1320 медицина қызметкері індет жұқтыру салдарынан көз жұмды. Ал АҚШ-та 1077, Ұлыбританияда 649, Бразилияда 634, Ресейде 631 және Үндістанда 573 медицина қызметкері қайтыс болды.
Стивен Кокберн: «Әрбір медицина қызметкері жұмыс орнында өз қауіпсіздігінің сақталуын талап етуге құқылы. Олардың індеттен жан тапсыру – сұмдық жағдай»,-деді.