Навальныйдың болжамды улануына байланысты Трамптың Германияны қорлауы
(last modified Wed, 09 Sep 2020 16:03:04 GMT )
Қыр 09, 2020 22:03 Asia/Almaty
  • Навальныйдың болжамды улануына байланысты  Трамптың Германияны қорлауы

Дональд Трамптың билігі кезінде АҚШ пен Германияның арасындағы қарым-қатынасы әрқашан шиеленісті болды.

Берлин Трамптың көптеген саясатын, әсіресе оның Еуропа  мен көптеген халықаралық мәселелерге қатысты көзқарасын сынады. Қазіргі кезде Навальныйдың болжамды улануы Трамптың Германияны кемсіту мәселеге айналды. Дональд Трамп сейсенбі күні: «Навальныйдың улануына реакция ретінде Германияның газ құбыры жобасынан шығуын қолдаймыз, бірақ Берлиннің мұндай шешім қабылдауға күші жетпейді деп ойлаймын. Өйткені энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан әлсіз»,- деп жариялады.Трамп өз сөзінің жалғасында НАТО-ның Еуропаны Ресейдің алдында қорғайтынын айтып: «Германия Мәскеуге миллиардтаған доллар төлейді»,- деп сынады.  Трамп бұл тақырыпты Берлинді кемсіту мәселеге айналдырды деген ой туады. Ол бұл салада екі мәселеге тоқталды. Біріншіден, Германияның энергетика тұрғысынан Ресейге тәуелді екеніне, сондықтан Ресейге қарсы көрсеткен соңғы қоқан-лоққыларын іске асыра алмайтынына назар аудартты. Трамптың көзқарасынша, «Севеврный птотк -2» газ құбыры Германияның Ресейдің кепіліне түсірді. Трамптың тоқталған екінші мәселесі, НАТО-ның Мәскеуге қарсы тұру үшін үлкен қаржы жұмсауына қарамастан, Берлин Мәскеумен экономикалық, әсіресе газ саласындағы қарым-қатынасын жалғастырып,  іс жүзінде Ресейге миллиардтаған доллар төлеуі жөнінде болды.  Сөйтіп Германия НАТО-ның негізгі еуропалық мүшесі бола тұрып, Ресейдің мүддесіне әрекеттенуде. Қазіргі кезде Германия Ресейге санкция енгізу, оның ішінде «Севеврный поток-2» газ құбырына қатысуын қайта қарастыруы туралы қоқан-лоққысымен жолайырығына тірелді. Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас ресейден Алексей Навальныйдың ісін анықтауды талап етіп, бұл іс анықталмаса, Берлиннің газ құбырын қолдау шешімін өзгертуі туралы қорқытты.  Трамп бұл мұрсатты пайдаланып, Германия үкіметін Ресейге қарсы санкция енгізу қоқан-лоққысын іске асыруға түрткілеуде.  Германия басшыларының «Северный поток-2» жобасынан шығуы туралы қоқан-лоққылары көрсетілгенімен, Берлиннің оны жалғастырудан басқа жолы қалмады. Не дегенімен бұл мәселе АҚШ пен Германияның маңызды қайшылықтарының біріне айналды.  Осыған орай Навальныйдың жағдайына байланысты Мәскеу мен Берлиннің арасындағы шиеленіс артқан жағдайда Трамп Германияға қысым көрсетіп, оны кемсітіп, Берлинді «Северный поток-2»  жобасынан шығуға мәжбүр етуге талпынуда.                                                                                                                                                                                                                                                       

 

 

   

 

Тегтер