АҚШ үкіметінің бюджет тапшылығының бұрын-соңды болмаған рекорды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48249-АҚШ_үкіметінің_бюджет_тапшылығының_бұрын_соңды_болмаған_рекорды
АҚШ тарихында алғаш рет федералды үкіметтің тапшылығы 3 триллион доллардан асты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 12, 2020 16:55 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметінің бюджет тапшылығының бұрын-соңды болмаған рекорды

АҚШ тарихында алғаш рет федералды үкіметтің тапшылығы 3 триллион доллардан асты.

 

АҚШ Қаржы министрлігі жаңа мәлімдемесінде: «Үкімет бюджетінің тапшылығы 3 триллионнан асты және алдағы 10 күнде аяқталатын ағымдағы қаржы жылдың соңына дейін 3 триллион 300 миллиард долларға жетеді»,- деп жариялады. Президент Дональд Трамп үкіметінің қолындағы қазіргі бюджет тапшылығы 2007-2008 жылдардағы Барак Обаманың билігі кезіндегі экономикалық дағдарыс  жағдайындағы бюджет тапшылығынан шамамен екі есе артық. Республикашыл партияның басшылары үнемі мемлекеттік шығындарды қысқартуды және бюджет тапшылығын азайтуды қуаттады. Алайда, АҚШ тарихындағы ең үлкен бюджет тапшылығының рекорды республикашылар үкіметінде тіркелді. Мемлекеттік басшылар коронавирустың басталуынан туындаған экономикалық дағдарысты мемлекеттік кірістер мен шығындар арасындағы терең алшақтықтың себебі деп атады. Алайда, Трамп үкіметінің салықты азайту туралы талабы мемлекеттік кірістерді азайтып, 10 жыл ішінде АҚШ үкіметінің  бюджет тапшылығын 10 триллион долларға жетеді деп болжады. Бірақ экономикалық серпіліс сылтауымен Трамп капиталистер мен ірі компанияларды салық төлеуден босатып, федералды үкіметті бірнеше триллион доллар салықтан айырды. Екі жылдан астам уақыттан өткенімен капиталистерге берілген салықтық жеңілдіктер экономикалық дамуға әкелмеді. Керісінше, ол АҚШ-ты таңқаларлықтай бюджет тапшылығымен бетпе-бет әкелді. Коронавирус дағдарысының басталуы үкімет шығындарын арттырды. Ақ үй осы уақытқа дейін Конгресстің мақұлдауымен әртүрлі формада, оның ішінде жұмыссыздықты сақтандыру төлемдер немесе банкроттық қарсаңында тұрған кәсіп иелері мен компанияларға шамамен 6 триллион долларды қаржылық көмекті бекітті. Не дегенімен АҚШ экономикасы әлі де соңғы онжылдықтағы ең нашар жағдайға түсіп, оны жақсарту мүмкіндік көрінбейді. АҚШ Қаржы министрлігінің бұрынғы қызметкері Стив Ратнер: «Жұмыссыздық күн сайын нашарлап барады, экономистердің АҚШ экономикасының болашағы туралы  болжамдары өзгеруде», - деді. Қазіргі жағдайды ескере отырып, COVID-19  ауруынан туындаған экономикалық құлдыраудың жалғасуымен АҚШ үкіметі   келесі жылы нарыққа тағы бірнеше триллион доллар құюға мәжбүр болады. Сондай-ақ көптеген кәсіпорындардың жабылуына байланысты және болжанған салықтың жиналмауына байланысты мемлекеттік кірістер азаяды деген болдаулар жасалуда.  Бұл жағдай АҚШ қарызын бұрын-соңды болмаған 26 триллион доллардан асырады. Бұл қарыз келесі жылы АҚШ-тың ЖІӨ-нен асып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мөлшерден де артуы мүмкін. Сондықтан АҚШ-тағы экономикалық жағдайдың нашарлауынан туындаған әлеуметтік дағдарыстар алдағы жылдары күшейе түседі деп күтуге болады.