Иран БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдады
Қыр 20, 2020 11:51 Asia/Almaty
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі осы ұйымның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдап: «АҚШ-тың №2231 қарарымен күші жойылған санкциялардың қайтарылғаны туралы уәждерінің құқықтық негізі жоқ, сондықтан әсерсіз болады»,-деп қуаттады.
Мәджид Тахтраванчи осы хатта: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері АҚШ хатының құқықтық негізін кесімді түрде теріске шығарды»,-деді.
АҚШ 2018 жылы 8 мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, 2020 жылы 20 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жазып, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын түбегейлі түрде бұзғанын жеткізіп, 2020 жылы 20 қыркүйекте Иранға қарсы халықаралық санкциялардың автоматты түрде қайтарылатынын айтты.