Трамп қытайлық бағдарламаға қатысты ұстанымын өзгертті
Қыр 20, 2020 14:33 Asia/Almaty
АҚШ Президенті елде Қытайдың TikTok бағдарламасына тыйым салу туралы шешімін өзгертті.
Трамп АҚШ-та қолданушысы көп TikTok мобильді қосымшасының жұмысына тыйым салу туарлы бұйрық іске асырылудан бірнеше сағат бұрын осы қосымшаның бір америкалық компания тарапынан сатып алынатынын растайтынын айтып, өз ұстанымынан кері шегінді.
TikTok мобильді қосымшасының дүниежүзілік басқармасы АҚШ-та орналасқан. Басқармада 25 мың адам жұмыс істейді.
АҚШ Сауда министрлігі жұма күні: «Вашингтон 20 қыркүйектен бастап осы елдің халқына WeChat пен TikTok қытайлық мобильді қосымшаларын жүктеуге рұқсат бермейді»,-деп мәлімдеген болатын.