Зариф Ресейге іссапармен барады
Қыр 21, 2020 14:46 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф алдағы күндері Ресейге сапармен барады.
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Саид Хатибзаде дүйсенбі күні Зарифтің алдағы күндері Ресейге баратынын хабарлады. Зарифтің Ресейге сапарының мақсаты – екі елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, екіжақты және аймақтық мәселелер жайлы кеңесулерді жалғастыру.