Әзірбайжан армиясы Мадагиздің атырабындағы маңызды биіктіктерді азат етті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48488-Әзірбайжан_армиясы_Мадагиздің_атырабындағы_маңызды_биіктіктерді_азат_етті
Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі: «Ел армиясы Армения әскерін кері шегінуге мәжбүрлеп, Мадагиздің атырабындағы маңызды биіктіктерді азат етіп, Джебраил мен Фзули жаққа ілгерілеуін жалғастыруда»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 02, 2020 20:10 Asia/Almaty

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі: «Ел армиясы Армения әскерін кері шегінуге мәжбүрлеп, Мадагиздің атырабындағы маңызды биіктіктерді азат етіп, Джебраил мен Фзули жаққа ілгерілеуін жалғастыруда»,-деп хабарлады.

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі: «Бүгін таңертең сағат 07:00-ге дейін Әзірбайжан армиясы Арменияның 5 сауытты көлігі мен құралы, 3 әскери инфрақұрылын жойып, бірқатар сарбазын өлтірді»,-деп мәлімдеді.

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі: «Қолда бар мәліметтер бойынша, Армения армиясының басып алынған өңірлерге жіберілген ерікті күштері келтірілген адами және материалдық шығындардан шошып, әртүрлі сылтаулармен соғысудан бас тартып жатыр»,-деді.