Иранның «Персеполис» футбол командасы Азия чемпиондар лигасының ақтық сынына жол тартты
Қаз 04, 2020 11:30 Asia/Almaty
Иранның «Персеполис» футбол командасы Сауд Арабиясының «Ән-Наср» командасын жеңіп, Азия чемпиондар лигасының финалисті атанды.
Катарда өткен Азия чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойында Иранның «Персеполис» командасы мен Сауд Арабиясының «Ән-Наср» командасы 90 минуттық ойын мен қосымша минуттарды 1:1 есебімен аяқтады. Пенальти тебуде «Персеполис» командасы 5:3 есебімен қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпиондар лигасының финалына жол тартты.