Армения Әзірбайжанның Мингечевир қаласына зымырандық шабуыл жасады
Қаз 05, 2020 13:41 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының Бас прокуратурасы кеше кешке Арменияның Мингечевир қаласын 3 зымыранмен нысанаға алғанын, соның салдарынан 5 бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.
3 зымыранның екеуі жарылмай қалған. Мингечевир қаласы қақтығыстар болып жатқан шекаралық ауданнан 100 км қашықтықта, ал ел астанасы Бакуден 288 км қашықтықта орналасқан. Онда 100 мыңнан аса адам тұрады. орналасқан.
Армения кеше Әзірбайжанның Тертер қаласын да зеңбірекпен атқылады.