Иран мен Ресейдің парламенттік әріптестігін дамыту қажеттігі қуатталды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен Ресей Думасының төрағасы екі елдің парламентаралық әріптестігін дамыту жолындағы Ортақ парламенттік кеңес жұмысының маңыздылығын қуаттады.
Қалибаф дүйсенбі күні Вячеслав Володинмен телефон арқылы сұхбаттасып: «Иран мен Ресейдің аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты кеңестерінің жалғасуы әсерлі болмақ»,-деді.
Иран Парламентінің төрағасы, сондай-ақ, Әзірбайжан мен Армения текетіресінің өрши түскеніне алаңдаушылық білдіріп: «Баку мен Ереванның қақтығыстарын тоқтату үшін қайшылықтарды диалог арқылы шешуге жағдай жасау керек»,-деді.
Ресей Думасының төрағасы Теһран мен Мәскеудің парламенттік әріптестігін дамыту қажеттігін қуаттап: «Ресей Думасы Иранмен барлық салаларда қарым-қатынасты дамытуға қажетті әзірлікке ие»,-деді.