Жел сионистік режиммен бітімге келуге қарсы болды
Қаз 07, 2020 11:35 Asia/Almaty
Жел күшейіп, Біріккен Араб Әмірлігі Сыртқы істер министрі Абдола бен Заидтың Берлиндегі израильдік әріптесімен өткізген баспасөз отырысын тоқтатты.
Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маастың қатысуымен өткен баспасөз отырыста Бен Заид: «БАӘ мен сионистік режимнің арасындағы бітім келісімге қол қойылған соң Таяу Шығыс аймағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жаңа кезеңіне енді»,- деп уәжденді. БАӘ Сыртқы істер министрі сөйлеген кезде баспасөз отырысы өтіп жатқан жердегі жел күшейіп, оның бітім келісім туралы сөздерін бөліп жіберді.