Германия АҚШ тың Иранға қарсы санкцияларын сынады
Қаз 09, 2020 14:48 Asia/Almaty
Германия СІМ нің ақпарат хатшысы АҚШ тың Иранға қарсы санкцияларын сынады.
Германия СІМ‑нің ақпарат хатшысы баспасөз отырысында: «Коронавирус кезінде санкция салу жақсы нышан емес. Біз бұл шараны айыптаймыз. Санкциялар гуманитарлық көмектерді жіберуде коммерциялық қатынастың азаюына себеп болады. Коронавируспен күресіп жатқан Иран үшін мұндай көмек аса маңызды. Біз АҚШ‑тың трансшекаралық санкцияларына ұдайы қарсылық білдіріп келеміз»,‑деді.