АҚШ та оңшылдардың қатері күшейді
АҚШ та сайлауға байланысты саяси қайшылықтар күшейе түскеннен кейін елде әсіре оңшылдық мен нәсілшілдіктің белең алу қатері күн өткен сайын артып келеді.
Қатерлердің жаңа бір жайтында АҚШ федералды полициясы (FBI) ақ нәсілділердің артықшылығын жақтаушы топтар тарапынан Мичиган штатының демократ әкімін ұрлау жоспарының залалсыздандырылғанын хабарлады. FBI‑дың айтуынша, бұл адамдар Гретхен Витмерді ұрлағысы келген, бірақ жоспар орындалғанға дейін құрыққа түсті.
Мичиган – 2020 жылы АҚШ‑та қызу сайлау науқаны жүріп жатқан штаттардың бірі. Соңғы айларда АҚШ‑тың республикашыл президенті Дональд Трамп демократ Гретхен Витмерді сөзбен сыбаған болатын. FBI‑дың мәліметтеріне сәйкес, ұсталған адамдар – Трамптың жақтастары. Сол себепті Витмер өзін ұрлау жоспарының залалсыздандырылғаны жарияланғаннан кейін Трампты саяси экстремизмді өршітіп отырғаны үшін осы жоспарға қатысты деп атады.
Қазіргі таңда АҚШ‑тың барлау және қауіпсіздік ведомствосы басшыларының айтуынша, ақ нәсілділердің артықшылығын қолдайтын нәсілшіл топтар мен «Proud Boys» сынды әсіре оңшылдар немесе кейбір ерікті топтар осы елдің қауіпсіздігіне ең көп қатер төндіріп отыр.
FBI‑дың басшысы Кристофер Рэй қыркүйек айында Конгрестегі бір жиналыста: «Бұл ұйым ішкі экстремистер, соның ішінде ақ нәсілділердің артықшылығын жақтаушылар мен фашизмге қарсы топтарға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр»,‑деп мәлімдеді.
CNN де осыдан біраз бұрын АҚШ‑тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі есебінің құпия емес бөлімдерін жариялап: «Ақ нәсілділердің артықшылығын жақтаушылар 2021 жылы да АҚШ үшін ауыр қатерлердің бірі болмақ»,‑деп жазды.
Бұл топтар АҚШ‑тағы көпнәсілдік үдерісімен күресуге тырысып, елде нәсілдік тазарту жұмысын жүргізгісі келеді.
Трамптың шетелдіктер, мигранттар мен кейбір азшылық топтар, әсіресе мұсылмандарға қарсылығын жалғастыруы нәсілшіл топтарға ең жоғары басшының қолдауына нық сеніммен азшылық топтарға ашық түрде шабуыл бастауына жағдай жасап берді. Шарлотсвилл қаласында нәсілшілдікке қарсы бейбіт шеруде бір әйелдің өлтірілуі – осындай жағдайлардың бірі.
Осындай экстремистік ойға ие топтың Мичиганның демократ әкіміне шабуылы сәтті болғанда, елде саяси‑әлеуметтік наразылықтар одан ары өрши түсетін еді. Қазірдің өзінде Трамп 3 қазан сайлауында жеңіліс тапқан жағдайда нәсілшіл топтардың қарулы реакция білдіру ықтималына қатысты шынайы алаңдаушылықтар бар.