АҚШ полициясын жақтаушылар мен даттаушылардың жиынында бір адам қаза тапты
Қаз 11, 2020 12:42 Asia/Almaty
АҚШ-тың Денвер қаласында полицияны жақтаушылар мен оның қатігездігі мен нәсілшіл кемсітушілігіне қарсылардың жиынында атыс болып, бір адам қаза тапты.
Колорадо штатындағы Денвер қаласында сенбі күні қарсылас екі топтың шеруі өтті. Олардың бірі полиция күштерін қолдайды, ал екінші топ полиция қызметкерлерінің нәсілшіл және құрылымдық қатігездіктеріне қарсы.
Денвердегі АҚШ полициясын жақтаушылар мен даттаушылар шеруі барысында болған атыстан бір адам қаза тапты. Осыған қатысты полиция екі күдіктіні ұстады.