«Дельта» дауылы Техас пен Луизиана штаттарына ауыр шығын әкелді
Қаз 11, 2020 12:48 Asia/Almaty
Техас пен Луизиана штаттарында «Дельта» дауылы 128 км/сағ жылдамдықпен соғып, жарты миллионға жуық тұрғынды электр қуатынсыз қалдырды.
«Дельта» дауылы Луизиана штатының оңтүстік-батыс аудандарын жайпап өтіп, орасан зор зиян тигізді. Бұл штатта 379636 адам, оған жапсарлас Техас штатында 108402 адам электр қуатынсыз қалды.