Иранның анимациялық фильмі Братислава фестивалінде ЮНИСЕФ-тің жүлдесіне ие болды
Қаз 11, 2020 13:16 Asia/Almaty
«Мына жақ, ана жақ» атты ирандық анимациялық фильм Словакияның астанасы Братислава қаласында өткен 15-ші анимация фестивалінде ЮНИСЕФ-тің жүлдесіне ие болды.
Лида Фазлидің режиссерлігімен түсірілген «Мына жақ, ана жақ» атты ирандық анимациялық фильм Братиславаның 15-ші анимациялық биенналесінің халықаралық бөлімінде ЮНИСЕФ-тің жүлдесіне ие болды. Биеннале қазылар алқасының мәлімдемесінде айтылғандай, ирандық анимацияда ер адам мен оның баласының арасындағы қатынас реалистік тұрғыдан көрсетілген.
Аталмыш фестивальға 96 елден 1800-ден аса фильм жіберілген. Олардың арасында 77 фильм фестиваль аясындағы жарысқа қатысуға жолдама алды.