Рухани Эмомали Рахмонды Тәжікстан Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады
Қаз 13, 2020 02:08 Asia/Almaty
ИИР Президенті Эмомали Рахмонды Тәжікстан Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.
Рухани дүйсенбі күні Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға хат жолдап, Теһран мен Душанбе арасындағы жан-жақты қарым-қатынастың екі елдің мүддесіне сай және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында одан ары дами түсетініне сенім білдірді.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 90,92 пайыз дауыс жинап, тағы да осы елдің басшысы болып сайланды.
Тәжікстанда жексенбі күні президенттік сайлау өтті.