Азия Чемпиондар Лигасы футбол финалының өтетін күні ресми хабарланды
Қаз 16, 2020 15:52 Asia/Almaty
Азия футбол конфедерациясы (AFC) ресми түрде АФК Чемпиондар Лигасы финалының өтетін күнін жариялады.
Азия футбол конфедерациясы жұма күні ресми түрде: «Азия Чемпиондар лигасының финалдық ойыны сенбі күні (19 желтоқсан) Катардың Доха қаласы өтеді»,- деп хабарлады. Қазіргі кезде Иранның «Персеполис» командасы Сауд Арабиясының «Ан-Наср» командасын жеңіп, Азия Чемпиондар Лигасының финалға шыққан командалардың бірі болып табылады. «Персеполистің» қарсыласы ең мықты қытай, корей, жапон немесе австралия командаларының бірі болады.