Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар жалғасуда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48685-Әзірбайжан_мен_Армения_арасындағы_қақтығыстар_жалғасуда
Қарабақ аймағындағы Армения мен Әзірбайжан әскери күштері арасында жаңа қақтығыстар басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 20, 2020 15:08 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар жалғасуда

Қарабақ аймағындағы Армения мен Әзірбайжан әскери күштері арасында жаңа қақтығыстар басталды.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі дүйсенбі  кешке: «Армян күштері әртүрлі қарулар, артиллерия және минометтермен Әзірбайжан күштерінің позицияларын нысанаға алды»,- деп жариялады. Бұл министрліктің мәлімдемесі бойынша, Әзірбайжан бұл шабуылға жауап қайтарып, Арменияның 2 танкісі, 4 «Катюшасын», 1 зеңбірік пен 5 әскери көлігін жарып жіберді.

Қазіргі уақытта Әзірбайжан   барлық  жерлерді өз бақылуына алды. Армян күштерінің біразы қаза болды, жарақат алды және кейбіреулері артқа шегінді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі 30 армян әскериінің қаза болғанын хабарлады.