Калифорния штатында бір қара нәсілді полиция қолынан қаза тапты
Қаз 25, 2020 13:51 Asia/Almaty
АҚШ полициясы бейсенбі күні кешке Калифорния штатының Сан-Бернардино қаласындағы бір сауда үйінің алдында қарулы деп санаған адамды ұстауға күш салу барысында оны бірнеше оқ атып өлтірді.
Полиция алдымен бұл адамды қатігездікпен жер жастандырды. Адам қарсылық білдіріп, тұруға ұмтылғанда полиция қызметкерінің атқан оғынан қаза тапты.
Калифорния штатының Сан-Бернардино қаласында қара нәсілді жігіт өлтірілгеннен кейін халық АҚШ полициясының қатігездігі мен нәсілшіл әділетсіздігіне наразылық білдіріп, шеру өткізді.