Иранның 31 университеті әлемнің ең үздік университеттері тізіміне енгізілді
Қаз 25, 2020 16:20 Asia/Almaty
Иранның 31 университеті US News рейтинг жүйесінде әлемнің ең үздік университеттері тізімінің 2021 жылғы нұсқасына енгізілді.
US News рейтинг жүйесі әлемнің 80 еліндегі 1500 оқу орнын қарастырған. Бұл рейтингке тек өткен 5 жылда Science арнайы порталында кемінде 1250 мақала жариялаған университеттер қатысады.