Чикаго қаласындағы қарулы қақтығыс салдарынан 4 адам қаза тапты
Қаз 25, 2020 19:10 Asia/Almaty
Чикаго полициясы қалада болған қарулы қақтығыста 4 адамның қаза тапқанын хабарлады.
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласының полиция басқармасы сенбі күні: «Өткен 48 сағатта атыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 10 адам жараланды»,-деп мәлімдеді.
9 млн-нан аса халқы бар Чикаго – АҚШ-та тұрғыны көп үшінші қала, ал елдің батысында жалғыз қала.
Чикаго – АҚШ-тың криминалдық жағдайы ушыққан қалаларының бірі.
Жыл сайын АҚШ-тың түрлі өңірлерінде мыңдаған адам атыс салдарынан қаза табады немесе жараланады.
Алайда АҚШ Президенті Дональд Трамп елде қару ұстаушылардың басты қолдаушысы болып отыр.