Қалибаф: Дұшпандар өздері қазған орға түседі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Франция басшыларының Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізуін айыптап: «Дұшпандар өздері қазған орға түседі»,-деді.
Қалибаф дүйсенбі күні Иран Мәжілісінің ашық жиналысында: «Франция басшыларының хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) жауластығы әлемнің түкпір‑түкпіріндегі мұсылмандардың жүректерін ауыртты. Франция басшылары ислам мен барлық илаһи діндерге дұшпандықта құрметсіздік пен әбестіктің шарықтау шегіне жетті. Олар адамдық, мейірбандық, татулық пен әдептіліктен жұрдай екендерін көрсетті»,-деді.
Charlie Hebdo француз басылымы өткен күндері Ислам пайғамбары туралы сайқымазақ карикатура жариялады.
Франция Президенті Макрон дипломатиялық принциптер мен демократиялық негіздерге қайшы сөздер айтып: «Франция бұрынғыдай Ислам елшісіне қатысты карикатура жариялауын жалғастырады»,-деді.