Ислам революциясының жетекшісі Франция жастарына жолдау жіберді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48775-Ислам_революциясының_жетекшісі_Франция_жастарына_жолдау_жіберді
Ислам революциясының жетекшісі Франция Президенті Макронның Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) құрметсіздік көрсеткенінен кейін осы елдің жастарына жолдау жолдады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 29, 2020 13:53 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Франция жастарына жолдау жіберді

Ислам революциясының жетекшісі Франция Президенті Макронның Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) құрметсіздік көрсеткенінен кейін осы елдің жастарына жолдау жолдады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің Франция жастарына жолдауы сәрсенбі күні француз тілінде әлеуметтік желілерде таралды. Онда «Өз Президенттеріңізден сұраңыздаршы: неге Алланың елшісіне құрметсіздік көрсетуді қолдап, мұны сөз бостандығы деп санайды? Сөз бостандығы дегеніміз көрнекті діни тұлғаларға тіл тигізу және балағаттау ма? Бұл ессіз әрекет оны өздерінің Президенті етіп сайлаған ұлттың сана-сезімін қорлау емес пе?» делінген.

Ислам революциясының жетекшісі жолдаудың жалғасында: «Келесі сұрақ мынадай: Холокостқа қатысты күмән келтіру неге қылмыс саналады? Ол туралы материал жазған адам түрмеге отырады. Ал неге әркім пайғамбарға тіл тигізуге ерікті?»-деп сұрады.