Қаз 29, 2020 20:37 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы: Ислам үмбетінің бірлігі – бір стратегия

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы: «Бірлік апталығы – мұсылмандардың бейбітшілік, достық пен бауырластыққа үндеуіне берілген тағы бір мұрсат»,-деді.

Шахриари «Исламдық бірлік» атты 34-ші халықаралық конференцияның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде ислам әлемінің қарқынды әрі күрделі өзгерістермен бетпе-бет келіп отырғанын және басқа кезден көбірек бірлікке зәру екенін айтып: «Ислам үмбетінің бірлігі – бір тактика емес, стратегия. Құран Кәрім мұны бізге бір көрсеткіш ретінде белгілеп берді»,-деді.

«Исламдық бірлік» атты 34-ші халықаралық конференция ислам әлемінің 167 көрнекті тұлғасының қатысуымен бүгін, бейсенбі онлайн форматта басталды.

 

Тегтер