Түркіменстан Иран және Қазақстанмен арадағы шекарасын ашты
Қаз 29, 2020 18:21 Asia/Almaty
Түркіменстанның Иран және Қазақстанмен арадағы шекаралық бекеттері жүк көліктерінің қатынауы үшін ашылды.
Түркіменстан елдің экспорты мен импортын дамыту мақсатында Қазақстанмен арадағы «Қарабұғаз-Тимур баба» шекаралық бекеті мен Иранмен арадағы Сарахс бекеті арқылы жүк тасымалын 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты.
Орта Азияға жол ашатын Түркіменстан коронавирус таралғаннан кейін Иран және аймақтағы басқа елдермен шекарасын жапқан болатын.