Ирандық математик COMSTECH-2019 жүлдесін жеңіп алды
Қар 01, 2020 12:36 Asia/Almaty
Ирандық ұстаз Саджад Джафари Ислам ынтымақтастық ұйымының тұрақты ғылыми-технологиялық әріптестік комитетінің (COMSTECH) 2019 жылға арналған жүлдесінің иегері атанды.
Иранның Амир Кабир атындағы политехникалық университетінің медициналық инженерия факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Саджад Джафари Марокко математигімен бірге COMSTECH-2019 жүлдесін жеңіп алды.
COMSTECH жүлдесі 4 жылда бір рет Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің математика, физика, биология және химия саласындағы мамандарына табыс етіледі.