Беверли-Хиллзте Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болды
Қар 01, 2020 13:32 Asia/Almaty
АҚШ полициясы Беверли-Хиллзте Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болғанын хабарлады.
Калифорния штатының Beverly Gardens саябағында АҚШ Президентін қолдауға арналған «АҚШ-тың азат бас қосуы» оның қарсыластары, соның ішінде «Қара нәсілділердің өмірі маңызды» қозғалысының белсенділері тарапынан бұзылды. Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасында болған қақтығыстан кейін Беверли-Хиллз қаласының полициясын кез келген жиынды заңсыз деп жариялады.
Трамп мен оның жақтастары сайлауда жеңіліс табуды қабылдамайтындарын жариялады.