Жапонияның «Жарқыраған күн» нышаны ирандық өнерпазға табыс етілді
(last modified Tue, 03 Nov 2020 13:51:55 GMT )
Қар 03, 2020 19:51 Asia/Almaty
  • Жапонияның «Жарқыраған күн» нышаны ирандық өнерпазға табыс етілді

Жапония үкіметі алтын және күміс шұғылалы «Жарқыраған күн» нышанын (Kyokujitsu Sokosho) ирандық аудармашы әрі продюсерге табыс етті.

Бұл нышан ирандық өнерпаз Шоһре Гүлпариан ханымға Жапония мен Иран арасындағы мәдени байланыстарды өнер арқылы арттыруға атсалысқаны үшін берілді.

Гүлпариан ханым аудармашы ретінде ИИР Телерадио бірлестігі және Жапонияның NHK арнасымен әріптестік жасап, Токионың Өнер университетінің кинематография факультетінің халықаралық қатынастар жөніндегі үйлестірушісі және ұстаздың көмекшісі секілді көптеген лауазымдарда қызмет атқарды.