Мадура Иран-Венесуэла қарым-қатынастарының кеңеюі мен нығаюын қолдады
Қар 06, 2020 19:28 Asia/Almaty
Венесуэла Президенті Иран Сыртқы істер министрінің Каракасқа сапары мен екі ел арасындағы қатынастардың кеңеюі мен нығаюын қолдады.
Венесуэла Президенті Николас Мадура Иран Сыртқы істер министрімен Каракаста кездескен соң Twitter-дегі парақшасында бұл кездесуге ризалығын білдіріп: «Бұл кездесу тағы Иран мен Венесуэланың стратегиялық қатынасы мен ынтымақтастығының табандылығын растады»,- деп жазды. Зариф бүгін, жұма күні Куба астанасы Гаванаға енді. Кубадан кейін Боливияға сапар шегіп, Иранның атынан бұл елдің жаңадан сайланған президенті Луис Арсенің ұлықтау рәсіміне қатысады.
Тегтер