Иран Президентінің қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммиты басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48911-Иран_Президентінің_қатысуымен_Шанхай_ынтымақтастық_ұйымы_басшыларының_саммиты_басталды
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер басшыларының ХХ саммиті Ресей Президенті Владимир Путиннің басшылығы және ИИР-ның Президенті Хасан Руханидің қатысуымен бейнеконференция түрінде басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 10, 2020 16:41 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммиты басталды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер басшыларының ХХ саммиті Ресей Президенті Владимир Путиннің басшылығы және ИИР-ның Президенті Хасан Руханидің қатысуымен бейнеконференция түрінде басталды.

 

Ресей Президенті Владимир Путин бүгін,  сейсенбі күні видео форматта өткен кездесудің ашылу сөзінде ШЫҰ елдерінің банктік, экономикалық, инвестициялық және сауда ынтымақтастығының дамуын қуаттады. Саммитке мүше сегіз елдің және төрт бақылаушы мемлекеттің, соның ішінде Иран, Ауғанстан, Беларусь және Моңғолияның басшылары және халықаралық ұйымдардың ресми өкілдері қатысуда. ИИР президенті де ШЫҰ-ның ХХ-шы саммитінде сөз сөйлейді. Саммиттің соңында Мәскеу мәлімдемесі және басқа бірқатар құжаттар бекітіледі.