АҚШ-та билік үшін күрес күшейді
АҚШ-тағы сайлау күнінен бір аптадан кейін қазіргі президент пен сайланған президент арасындағы билік үшін күрес күшейе түсті.
3 қарашадағы сайлауда жеңілген АҚШ Президенті Дональд Трамп федералды агенттіктерге сайланған президентке билікті ауыстыру тобымен ынтымақтастық етпеуді бұйырды. Бірақ АҚШ-тың сайлауда жеңіске жеткен үміткері Джо Байден осы кезден билікті өз үкіметіне ауыстыру кенсенің жұмысын бастап, халықаралық салада да басқа елдер басшыларымен байланыс орнатты. Осы кезде екі тарап та өздерін сайлау жеңімпазы санайды. Президенттік сайлаудағы 270-тен астам сайлаушылардың дауыстарына сүйене отырып, Байден өзінің жеңіске жеткенін және 2021 жылы 20 қаңтарда Ақ үйге енетінін жариялады. Керісінше, Трамп президенттік сайлауда кең ауқымды алаяқтық болды және сайлау нәтижесін қарсыласы ұрлап алды деп санайды. Ол сонымен бірге 2021 жылдың 20 қаңтарынан кейін Ақ үйде қалуға талпынуда. Енді АҚШ-тың келесі президентінің кім болатынын сот шешуі керек. Трамп президенттік сайлау нәтижесін өзгерте алатын заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін көптеген мәліметтер бар деп мәлімдеді. Трамп соттарда, әсіресе Федералды Жоғарғы Сотта консервативті судьялардың қатысуын пайдаланып, сайып келгенде президенттікке жетемін деп үміттенеді. Байден болса, дауыстарды санау кезінде өзінің алда болғанына назар аударады және сынақ аяқталғаннан кейін дәл осындай нәтиже сақталады деп үміттенеді. Демократиялық партияның жақтастары көбірек болып табылатын қалада соңғы күндері Байден жақтастары тойлады. Ақ үйдегі билік үшін күрестің қызған шағында Дональд Трамп өзінің қорғаныс министрі Марк Эсперді міндетінен босатты. Эспер Military Times газетіне берген сұхбатында: «Құдай бізді жарылқап, менің орныма Пентагонды басқаруға келген адам нағыз ер болсын»,- деді.